«Жол жөндеуге қажетті бюджетті дұрыс үйлестіру керек. Бұл жергілікті жердегі әкімдердің жұмысына тікелей байланысты». Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жол сапасына қатысты жиында осылай деді. Аудан, қала әкімдері мен «Қазавтожол» және жауапты басқарма өзара тығыз байланыста жұмыс істеп, мердігерлердің жұмысы мен асфальт сапасын бақылауда ұстау қажет екенін айтты. Толығырақ сюжетте.