Түркістан
EN

Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

186
29.07.2024

Бүкіл әлем көз тіккен олимпиаданың төртінші күні. Бүгін жарыс жолына еліміздің атынан спорттың дзюдо түрінен Данияр Шамшаев татами төріне шығады. Ол  73 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен 1/8 финал жолдамасы үшін белдеседі. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында ұлттық құраманың мергендері италиялық қарсыластарымен садақ атудан өзара мықтыларды анықтайды. Отандасымыз Ксения Игнатова 100 метрге шалқалап жүзу әдісі бойынша іріктеу ойындарында бақ сынаса, теннис, үстел теннисі және бадминтон спорт түрлерінен  ерлер сайысқа түсіп алғашқы ойындарын өткізеді. Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал. Айта кетсем, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті. Оның біреуі - алтын, екеуі - қола.