Елімізде 18 мыңнан астам адам наркологиялық есепте тұр. Тіркеуде тұрған нашақорлардың 1,5 мыңы әйелдер екен. Адам шошырлық жандардың қатарында жасөпірімдер де бар. Олардың саны 66. Бұл тек тіркелген іс жүзінде белгіленшген көрсеткіш қана. Шын мәнісінде бұл сандар 10 есе көп болуы мүмкін. Осы ретте облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы спорттық сайыс өткізді. Мақсат - өскелең жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.