Түркістан
EN

Түрлі инвестициялық жобалар таныстырылды

170
26.07.2024

Түркістанда инвесторлар құқығын қорғау және инвестициялық жобаларды іске асыру турасында жиын өтті. Онда кәсіпкерлер тарапынан  іс бастауға арнайы жер алу, оған жарық тарту секілді бірнеше мәселе қозғалды. Сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұйытқы болған түрлі жобалар таныстырылды. Соның бірі «Интерактивті инвестициялық карта». Жиында жобаның қандай сатыда жүзеге асырылып жатқаны баяндалды. Тек бұл ғана емес, бүгінде Түркістан облысы аумағында 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.