Түркістан
EN

Оңалту орталығын тездетіп бітіруді тапсырды

192
26.07.2024

Кентау қаласына қарайтын Оранғай ауылындағы Оңалту орталығы қазан айында пайдалануға берілетін болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2023 жылы құрылысы аяқталуы тиіс еді. Бірақ, қаржы жетіспеуіне байланысты жұмыс тұралап қалған. Бүгін сол нысанға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы барып, нысан құрылысын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ ол бұдан басқа тағы бірнеше маңызды әлеуметтік нысанды аралады.