9 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

40
26.07.2024 18:35

Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды ұстады. 35 жастағы азамат 2015 жылы атыс қаруын қолданып, ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікке ілінген. Бүгінде оның қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелденіп, жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.