Ордабасы ауданында жаңа зауыт салынып жатыр

39
26.07.2024 18:34

Ордабасы ауданына сапары барысында облыс әкімі «CENTRAL ASIA ALUMINUM» зауытында болып,  алюминий профильдерін өндіру жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. 2025 жылы жобаның бірінші кезеңі іске қосылып, 180 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Ал ІІ кезеңінде 150 адам жұмысқа тартылмақ. Жалпы 7,5 млрд. теңге инвестиция тартылған зауытта 10 мың тоннадан өнім өндіріледі деп күтілуде. Жалпы Түркістан облысында кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту, жаңа жобаларды сүйемелдеу бағытындағы жұмыстар қарқынды.