Түркістан
EN

Тағы бір «Жайлы мектеп» салынып жатыр

54
26.07.2024

Түркістан – еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан өңір. Аймақта 63 "Жайлы мектеп" салу көзделген, оның 29-ы биыл пайдалануға берілмек. Солардың бірі - Ордабасы ауданында. 300 орындық мектептің құны 4,1 млрд теңге. Құрылысы былтыр басталған, биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Ғимарат орналасқан жердің жалпы ауданы 2 гектардан асады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға жұмыс сапары аясында аталған білім ұясының құрылыс алаңында болды. Мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Өңір басшысы білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою – маңызды іс екенін айтып,  жауапкершілікпен жұмыс істеуді міндеттеді.