Петропавлда тасқыннан зардап шеккен 727 отбасы қаладан пәтер алды. Тағы 200-і жаңадан салынған үйлерге қоныстанған. Өңірде тасқын салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс орталығында аудандардан арнайы келген бригадалар бүгінде апатты деп танылған 800-ден астам үйді сүріп, 80 баспананы жөндеп үлгерген.