Түркістандық оқушылар қоғамдық көлікте халық әндерін шырқады. Домбыра асынып, жолаушылар көлігіне кіріп келген жас жеткіншектер көпшілікті елең еткізді. Оқушылар сарайының дәстүрлі ән үйірмесіне қатысып жүрген балалар қғамдық көлікте ән шырқауды өздері ұсынса керек. Ал ұстаздары оларға қолдау білдірген. Осылайша олар қазақ әндерін дәріптеуге өз үлестерін қосты.