Түркістан
EN

Отырар ауданын дамыту бағытындағы жоспарлар талқыланды

140
25.07.2024

Отырар ауданында "Ауыл – ел бесігі" жобасын жүзеге асыруға 1,1 млрд теңге бөлінген. Ол Арыс, Шойманов, Көкмардан, Шытты елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етуге жұмсалған. Ақтөбе, Шойманов елді мекендерінде мәдениет үйінің құрылысы басталып, биыл пайдалануға тапсырылады. 8 елді мекендегі 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 8 елді мекенде дәл осындай 9 жоба жүзеге аспақ. Аудан халқымен кездескен облыс әкімі Дархан Сатыбалды инфрақұрылмды жақсарту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды ширатуды тапсырды.