Ордабасы ауданында 10 коммуналдық жағажай ашылды. Ауылдық округтерде орналасқан оларға кіру тегін. Соның бірі - Боген елді мекеніндегі "Бөген су қоймасы" бойынан ашылған жағажай. Халықтың иігілігіне беру үшін облыстың Төтенше Жағдай департаменті басшылары арнайы келді. Аталған жағажайда ең алдымен адамдардың қауіпсіздігіне мән берілді. Сол мақсатта арнайы құтқарушылар, алғашқы медициналық көмек көрсету бекеті мен қоғамдық тәртіпті сақтау бекеттері де құрылды. Жалпы биыл Түркістан облысының аумағында 36 қауіпсіз демалыс орны қызмет етуде. Сонымен қатар, дәл осындай коммуналдық жағажайлар Арыс және Сауран аудандарында да ашылуда.