Түркістан
EN

Қоқыс тастау мәдениеті қалыптаспаған

167
25.07.2024

Бұдан былай көрінген жерге қоқыс тастай салатындар айыппұл төлейді. Заңды солай қатаңдатуға мәжбүр қылған - тұрғындардың өздері. Қоршаған ортаны қорғауға үндейтін жалпыхалықтық акция жүріп жатса да, қала берді тазалыққа жауапты мамандар бел жазбай еңбек етіп жатса да, мәселе бір шешімін таппай отыр. Күннің көзі қызғанша сыпырылған көшелер 2 сағат өтпей-ақ таз қалпына қайта түседі. Яғни біреулер сонша еңбекпен тазалаған жерді келесі біреулер оп-оңай ластап кете береді. Сондықтан тазалық мекемесі тәртіпсіздікпен күресу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шара ұйымдастыруда. Мәселені бір ретке келтіру үшін тіпті қоқыс контейнерлерінің жанына бейнебақылау камерасын орнату да жиі көтеріліп жүр.