Түркістан
EN

Түркістанда инновациялық жобалар жәрмеңкесі өтті

122
25.07.2024

Түркістан облысында білім сапасын арттыру мақсатында «Инновациялық жобалар жәрмеңкесі - 2024» конференциясы өтуде. Оған облыс құрамындағы аудандық білім бөлімінің басшылары сондай-ақ шалғайдағы ауылдан мұғалімдер келді. Өйткені шарада шетелдік мектептерде тәжірбиеден өткен түрлі, әдіс тәсілдер мен заманауи гаджетпен сабақ беру жобасы түсіндірілуде. Егер ұстаздар ортақ шешімге келіп көрмеге қойылған білім беру тәсілін бір ауыздан мақұлданса, оқушылар келер оқу маусымында озық жүйемен білім алмақ. Мұндай маңызы зор шараға Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, жуырда ғана ашылған «Білім иновация лицейінің дайындығын бақылады. Әрі облыстағы оқу маусыына дайындықты әлі де болса ширатуды тапсырды.