Ақтауда бүтін бір үйдің тұрғындары іргелерінде бой көтергелі тұрған құрылысқа қарсылықтарын білдірді. Тек тұрғындар емес, үйдің бірінші қабатынан коммерциялық нысан сатып алған кәсіпкерлер де ашулы. Себебі кәсіпкерлік нысанның қас бетін павильон салып жауып тастайтын болса, ең алдымен көлік қозғалысына кедергі келеді, бұдан бөлек бизнес өкілдерінің кәсібін тежейді. Ең сорақысы сол, өрт сөндіру, жедел жәрдем көлігінің кіруі де қиындағалы тұр. Қауіпсіздікке алаңдаған жұрт, әкімдіктен жауапты мамандарды шақырып, құрылыс салуға түбегейлі қарсы екендерін жеткізді.