Түркістандық шаруалар биыл тіршілік нәрінен тапшылық көріп отырған жоқ. Суару маусымы басталғалы өңір шаруаларына Шардара су қоймасынан 682 млн текше метр су жіберілген. Бүгінгі таңда су қоймада 2,6 млрд су бар. Бұл былтырғы көрсеткіштен 600 млн текше метрге артық. Сондықтан диқандар биыл су тұрақты берілгендіктен мол өнім алып жатқандарын айтады. Еске сала кетейік, Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 86-шы үкіметаралық отырысында мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы Өзбекстаннан Қазақстанға 922 млн м3 су жіберу туралы келісімге қол жеткізілген болатын. Жалпы суару кезеңі басталғалы бері Өзбекстаннан елімізге 3,9 млрд текше метр су келген.