Түркістан
EN

Заңсыз сатылып жатқан 327 вейп тәркіленді

126
24.07.2024

Түркістан облысында заңсыз сатылған 327 дана вейп анықталды. Онымен айналысқан ағайындылар болып шықты. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен қалалық погонды қызметкерлер бірлесіп, жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Нәтижесінде, темекі өнімдерін заңсыз сатқан 2 сауда дүкені анықталды. Еске салсақ, осы жылдың 20 маусымынан бастап елімізде электронды темекінің ашық сатылуына тыйым салынды.