Түркістан
EN

Атырау облысында аптап ыстықтан балықтар қырылып жатыр

195
24.07.2024

Атырауда балықтар қырылып жатыр. Қазір Талдыкөл ауылының маңындағы "Сарыөзек" арнасынан шабақтарды құтқарылуда. Оған 20-дан астам қызметкер мен ауыл тұрғындары, бес техника жұмылдырылған. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсиннің айтуынша, арнадағы су деңгейі төмендеп, шабақтар қайраңдап қалған. Айта кетейік, биыл маусымнан бастап облыста 49 млн-нан астам шабақ құтқарылған екен.