Түркістан облысында энергия тапшылығы шешімін таппақ. Осы мақсатта қазіргі таңда Сайрам ауданында бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Қуаттылығы 1000 мегаватқа жетеді. Өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нысан құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда құрылыс барысы туралы облыс әкімдігінде жиын өтті. Оған “Самұрық-Қазына” акционерлік қоғамының өкілдері қатысты.