Түркістан
EN

40 метрлік көпір жаңарды

102
24.07.2024

Мақтаарал ауданындағы Көкпарсай елді мекеніндегі тағы бір көпір күрделі жөндеуден өтті. Облыстық маңызы бар «Атакент-Кеңесшіл-Есентаев» автомобиль жолының ауылға кіреберіс тұсы жөндеуді қажет ететін. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көпірдің ұзындығы - 40 метр, ені 13,5 метр. Бүгінде тек көпірдің тірек қадаларын қағу жұмыстары қалған. Жұмыстың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» облыстағы филиалы тарапынан тұрақты бақылауда. Бүгінде  аймақтағы Отырар, Сауран, Мақтаарал аудандарында тағы 3 көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр.