Түркістан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық басталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы мәселеге жауапты басшыларды жинап, тиісті тапсырмалар берді. Қазірдің өзінде өңірде елді мекендерді газбен қамту, бюджеттік мекемелерді, білім ұяларының қазандықтарын газ жүйесіне ауыстыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Нәтижесінде биыл тұрғындардың көмірді тұтыну көлемі 82 мың тоннаға, ал бюджеттік мекемелердікі 36 мың тоннаға төмендеген.