Түркістан
EN

Соңғы он айда 18 мыңдай интернет алаяқтық анықталған

91
23.11.2021

Елімізде соңғы 10 айдың ішінде 18 мыңдай интернет алаяқтық тіркелген. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 80 пайызға көп. Полицейлердің сөзінше, алаяқтар көбіне көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала төлем талап еткен кезде шабуылға шығады екен.

Олар белгілі бір тауарды шығарады да, алдын ала төлемді сұрайды. Ал ақшаны алған соң, ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Шағын несиелер де жиі заңсыз рәсімделіп жатады. Бұдан бөлек, алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, адамның жеке мәліметтерін иемденеді. Сөйтіп, есепшоттағы ақшаны қолды қылады.