Түркістан
EN

Достық үйі мен «Жайлы мектеп» аяқталуға жақын

126
23.07.2024

Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Достық үйі» ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Жалпы алаңы 4 мың шаршы метрге жуық ғимарат биыл күзде толық аяқталады деп жоспарланған.  Одан бөлек облыс орталығында «Жайлы мектеп»  салынуда. Бұл білім ұясында оқушылар мен ұстаздарға өте қолайлы жағдай жасалмақ. Нысан биыл қолданысқа беріледі. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды «Жаңа қала» аумағын жаяу аралап, аталған ғимараттардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Әрі жауапты мекемелер мен мердігер компания басшылығына жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.