Түркістанда елімізде теңдесі жоқ канал салынып жатыр. Есу каналы облыс орталығында, Жаңа қала аумағында қоныс теппек. Жыл он екі суы қатпайын мұндай айдын ТМД елдеріндегі Мәскеу мен Самарқанда ғана бар екен. Сондай-ақ, шаһарда 12 гектарға жуық жерге аквапарк, вилла аймақтары қамтылған бес жұлдызды қонақ үй салу да жоспарлануда. Бұл туралы аймаққа іссапармен келген Туризм және спорт вице министрі Ержан Еркінбаев айтты.