Түркістан
EN

Ауыл медицинасын қолға алуды тапсырды

56
23.07.2024

Елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 355 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Жиында баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша,  жаңадан салынатын нысандардың мемелекеттік сараптама қорытындылары негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, байланыстыру жұмыстары толығымен аяқталған.