Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды. Ертай Кенжебекұлын аппарат ұжымына таныстырған Дархан Сатыбалды оған облысты дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Ел сенімін ақтайтынына сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Ертай Алтаев Түркістан өңірінің тумасы. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.
Әр жылдары мемлекеттік қызмет жүйесінің сатыларынан өткен оның мемлекеттік қызметте қызмет етіп келе жатқанына 17 жылдан асқан.