Түркістан
EN

«Ауыл аманатына» өтініш онлайн қабылданады

243
22.07.2024

Соңғы жылдары елімізде қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы бизнестің дамуына сеп болып келеді. Жоба аясында тек егін егіп, мал бағу ғана емес, шағын кәсіпті де түлетуге болады. Ол үшін биыл республикалық бюджеттен Түркістан облысында 10,6 млрд.теңге қаражат бөлінген. Оған 62 ауылдық округтегі 60-тан аса кооператив қатыса алады. Бір ерекшелігі, биыл 2,5 пайыздық несиені алуға өтініші онлайн түрде беруге де болады. Бұл туралы «Ырыс» микроқаржы ұйымының басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев  баспасөз брифингінде айтты.