Түркістан
EN

Жалпы өңірлік өнім көлемі 927,6 млрд. теңгеге жеткен

135
22.07.2024

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Апталық мәжілісте Дархан Сатыбалды осылай мәлімдеді. Аудан, қала әкімдері мен жауапты басқармаларға инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсу керектігін ескертті. Әрі Мемлекет басшысы биыл экономиканың 6% өсімін қамтамасыз етуді тапсырған. Сондықтан Үкімет тарапынан арнайы жоспар түзіліп, негізгі көрсеткіштер бойынша жоспар айқындалған.