Түркістан
EN

«Солтүстік-Оңтүстік» бірінші көліктік сауда-экспорттық форумы өтті

137
22.07.2024

Ақтауда Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен «Солтүстік-Оңтүстік» бірінші көліктік сауда-экспорттық форумы өтті. Көлік дәлізінің ел үшін маңызы зор. Аталған бағытты дамыту үшін еліміз Иран, Түрікменстан және Ресеймен 2024 - 2025 жылдарға арналған Жол картасына қол қойылды. Осы құжаттың негізінде 2027 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 15 млн.тоннаға дейін, ал 2030 жылға қарай 20 млн. тоннаға дейін артады деп жоспарлан. Форумға 12 елден 440-тан астам экономикалық ынтымақтастық ұйымы және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты. Олар теміржол және автомобиль жолдарын, сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.