Түркістанда жаңа зауыттың іргетасы қаланды. Өндіріс орны «Turan» арнайы экономикалық аймағында орналаспақ. Онда тау-кен ісіне және құрылыстың өзге де салаларына бағыталған ауыр құрылғылар, жүк көліктері мен техникаларға арналған шыдамды тіркемелер, бөлшектер, металл конструкторлары шығарылмақ. Жобаның құны – 8 жарым млрд теңгеден асады. Жалпы аумағы – 20 гектар. Нысанның құрылысы бітіп, ісі жолға қойылса 200 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Келесі жылы ашылатын зауыттың жылдық қуаттылығы – 965 тонна. Айта кетейік, жаңа зауыттың іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа жобаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға сәттілік тіледі.