Алматы облысында су бөгеті жарылды. Оқиға түнгі он бір шамасында болған. Мыңбаев ауылының маңында орналасқан су қоймасының жалпы көлемі 4,5 млн. текше метр. Ағын су облыстық деңгейдегі Мыңбаев-Қасымбек тасжолын шайып кеткен. Су тасқынынан зардап шеккендер мен кісі шығыны жоқ.