Түркістан облысында соңғы 6 айда 84 азамат алименттен жалтарған. Облыстық Әділет депаратаменті ұйымдастырған жиында алимент қарызын өндіру мен жеке сот орындаушыларға түсетін талап-арыздар талқыланды. Мәселен, жеке сот орындаушылар 3 айдан астам берешегі бар 200 борышкердің тізімін Мансап орталығына ұсынған. Нәтижесінде, 43 азамат жұмысқа орналасты. Сондай ақ, жауапкершілктен жалтарып жүрген 48 борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды. Жалпы өңір бойынша 12 мемлекеттік сот орындаушы, 145 жеке сот орындаушы бар.