Түркістан
EN

Үш адамнан бруцеллез анықталды

259
19.07.2024

Солтүстік Қазақстан облысында үш адамнан сарып ауруы анықталды. Олардың екеуі - жасөспірім. Мамандар инфекция ауру малдан жұққан деп отыр. Яғни, бруцеллезге шалдыққан малдың етін жеп, сүтін ішкеннен. Өңірде жалпы бұл дерт асқынып тұр. 500-ден астам ірі қара сарп ауруына шалдыққан. Былтыр олардың саны 270 болатын, биыл екі есе көбейген. Қазір ауру мал тәркіленіп, иелеріне өтемақы беріледі. Бруцеллез жұқтырған ірі қараның 90 пайызы шаруашылықтарға тиесілі. Қауіпті инфекция одан әрі таралмау үшін 4 нысанда шектеу енгізілді. Яғни шаруа қожалықтарынан мал және мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды.