Жасанды интеллектке 100 грант бөлу жоспарлануда. "Болашақ" бағдарламасы аясында. Бүгін Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Ғылым және жоғары білім министрі осылай деді. Саясат Нұрбек Мемлекет басшысына еліміздегі жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар бастама мен жобаларды таныстырды. Шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге студенттерге арнап жатақханалар салу, жоғары білім мен ғылым инфрақұрылымын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.