Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапары барысында «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» өнім шығаратын зауытында болды. Табиғи уран өндіру және өңдеумен айналысатын кәсіпорында мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың 95%-ы – Созақ ауданының жергілікті тұрғындары. Облыс әкімі кәсіпорын басшылығымен өндірістен түскен қаржыны қалай аудан тұрғындаррының игілігіне пайдалану жолдарын талқылады.