Түркістан
EN

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

49
19.07.2024

Былтыр «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Созақтағы 7 елді мекенде 14 жоба жүзеге асты. Спорт кешені салынып, 20-ға жуық көше орташа жөндеуден өткізілді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 210 жоба қаржыландырылды. Оған 1,2 млрд. теңге қаралған. Былтыр аудан экономикасына 118 млрд. теңге инвестиция тартылған. Сол бойынша аймақты газбен, электр қуатымен қамту, әлеуметтік нысандар салу жұмысы әлі жалғасып жатыр. Аудан тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвестиция тарту, ауылшаруашылығын дамыту, тазалық жұмыстарына қатысты аудан әкіміне бірқатар тапсырмалар берді. Ал тұрғындар облыс әкіміне өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді қозғады. Одан кейін Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.