Түркістан
EN

«Жас талант» байқауы қорытындыланды

237
18.07.2024

«Жас талант» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Еліміздің кіл шығармашыл жастары бақ сынаған жоба осымен төртінші рет өтіп отыр. Мұндағы мақсат – оқу бітіруші талантты түлектерді қолдап, жоғарғы оқу орындарына грантқа жолдама беру. Түркістан оқушылар сарайы ұжымының ұйымдастыруымен өткен жобаға Қожа Ахмет Яссауи университеті мен Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті демеушілік еткен.