Су ресурстары және ирригация министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Нұржан Нұржігітов Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, «Түркістан» магистралды каналының бүгінгі жай-күйімен танысты. Кездесу барысында жергілікті диқандар түрлі мәселе бойынша көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс тілектерін айтты. Жиналғандардың су тапшылығына қатысты шағымына министр тіршілік көзін барынша үнемдеу керек деп жауап қатты. Сондай-ақ ол биылдан бастап шаруларға жасалып жатқан жеңілдіктерге тоқталды.