Түркістан
EN

Түнде көше кезген балалардың ата-анасына айыппұл салынды

167
18.07.2024

Түркістан облысында бір тәулікте 276 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 235-і жасөспірім, олар түнгі уақытта көше кезіп жүрген. Аталған деректер полииця қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мәлім болды. Бұдан өзге,  25 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылып, ұсақ бұзақылықтың 9 фактісі жойылды. Қоғамдық орында мас күйінде жүрген 5 жайт тіркелді. Жалпы құқық бұзушылық жасауға бейім 14 жасөспірім мен қолайсыз 11 отбасы профилактикалық есепке алынды.