Түркістан
EN

Қос азаматқа үй берілді

111
18.07.2024

Шорнақтың қос азамат қоныс тойын тойлады. Күні кеше облыстық мәслихат депутаты Баймахан Тоймаханұлы екі бірдей мұқтаж отбасына баспана кілтін табыс етті. Ізгілікті істің шапағатын көрген азаматтардың бірі - 7 баланы жалғыз өзі өсірген әке. Ал екінші үйдің егесі - Азия параолимпиадасының бас жүлдегері. Ескі үйлері жаңарып, заманға сай жабдықталған баспаналы болған жандардың қуанышында шек жоқ. Олардың осы бір қуанышты сәтін бөлісуге аудан әкімі арнайы барды.