Түркістан облысында республикалық және жергілікті маңызы бар 112 балық шаруашылығы бар. Ал Шардара ауданында мемлекет бағдарламасы аясында балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Қазіргі таңда ауданда 5 балық өңдеу зауыты мен балық өсірумен айналысатын 25 кәсіпкер тіркелген.