Шорнақтың қос азамат қоныс тойын тойлады. Күні кеше облыстық мәслихат депутаты екі бірдей мұқтаж отбасына баспана кілтін табыс етті. Ізгілікті істің шапағатын көрген азаматтардың бірі - 7 баланы жалғыз өзі өсірген әке. Ал екінші үйдің егесі - Азия параолимпиадасының бас жүлдегері. Қанша уақыттан бері жалдамалы пәтер жағалап, туыстарының үйін күнелтіп жүрген жандардың қуанышында шек жоқ.