Түркістан облысының бюджетіне 2026 жылы1 трлн. 422 млрд теңгеге жетпек. Яғни, оған тағы 13,5 млрд теңге қосылды. Қаржының басым бөлігі денсаулық, білім, инфрақұрылым және құрылыс салаларына бөлінеді. 10,3 млрд теңге газбен жабдықтау жұмыстарына жұмсалып, нәтижесінде 22 елдімекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Ал, 3 млрд теңгеден астам қаржы облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына бағытталмақ. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясында айтылды.