Жоғарғы оқу орнында грантта оқып, үздік аяқтаған жастар мемлекеттік қызметке конкурссыз тұра алады. Бүгіннің өзінде еліміз бойынша 190 жас түлек осы мүмкіндікті пайдаланып, жұмысқа орналасқан. Оның 15-і - Түркістан облысының азаматы. Ал жалпы бос орындарға жарты жылдың ішінде 1082 конкурс өткізіліп, 571 адам түрлі лауазымдарға тағайындалған. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойыншадепартаменті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кәсіптік бағыт-бағдар беру, құқықтық көмек көрсету мақсатында өңір жастарымен кезекті кездесу өткізді. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары да құқықтық жолдарын түсіндірді. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 6325 мемлекетті қызметкер жұмыс істейді.