Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» салынып жатыр. Ашық аспан астындағы археологиялық саябақ құрылысы ЮНЕСКО талаптарына сай жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сәулет, туризм, мәдениет саласы басшылары мен жобаға қызығушылық танытып отырған шетелдік компания өкілдерімен кеңес өткізді. Жиында Күлтөбе қалашығы маңынан заманауи туристік нысандар салу мәселесі талқыланды. Өңір басшысы оның ұлттық бояуын сақтай отырып әрі Ясауи кесенесімен де үндесуін талап етті. Саябақ туристерді ежелгі заманға саяхаттатын нысан болмақ.