Әуе жүк тасымалын ілгерілету - экспортты ұлғайтуға сеп. Түркістан облысы әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, әлеуетін көтеру жолдары талқыланды. Онда әуежайды дамыту, табысы мен жолаушылар ағынын арттыруға бағытталған жұмыстар сараланды. Аймақ басшысы заманауи әуежайдың мүмкіндігі толық қолданылмай отырғанын айтып, жауаптыларға тапсырма берді.