Түркістан
EN

Биыл Түркістан облысында жол апаты екі есе көбейген

147
16.07.2024

Түркістан облысында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасы 91 пайызға артқан. Былтырғы 6 айда өңірде 247 дерек тіркелсе, биыл ол 472-ге жетіп, 2 есе артқан. Салдарынан 673 адам түрлі дене жарақатын алып, оның 90-нан астамы көз жұмған. Еліміздегі осындай  қара жолдан келетін қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бүгін республика деңгейінде арнайы комиссия отырысы өтті. Онда көлік апатының себеп салдары айтылып, «Жол картасына» енгізілуі тиіс біршама ұсыныстар тыңдалды.