Түркістан
EN

Алматыда автобус соқтығысып, 9 жолаушы зардап шекті

162
16.07.2024

Алматыда қоғамдық көлік тағы апатқа ұшырады.  №137 автобустағы жолаушылардың бірінің айтуынша, оқиға автобус Шаляпин көшесінен Әшімовке қарай бұрылған жерде болған. Алматы полициясы жол апатының сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болғанын хабарлады. Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдама кешенінде тоқтаған 137-маршрут автобусына соқтығысқан. Инерция бойынша автобус жол жиегіне шығып, жекеменшік үйдің қоршауына соғылған. Жол апаты салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Олар №7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Науқастар тексеруден өтті.  8 адамның жағдайы тұрақты, 1 адамның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.