Түркістан
EN

Вакцинаға қарсы көпбалалы аналар шеруге шықты

275
22.11.2021

Баламызға екпе салуға қарсымыз! Осылай деген көп балалы аналар бүгін денсаулық сақтау министірлігіне келіп, бас дәрігер Цойдың отставкаға кетуін талап етті. Алайда, ведомства басшысы іс-сапарда жүр екен. Сондықтан, наразы топқа мәселені түсіндіру үшін  министрлік өкілдері шықты. Оқиға орнына полиция келіп, оларды таратпақшы болды. Дегенмен, наразы топ  ешкімге құлақ аспаған.

Айта кетсек, бұған дейін елімізде жасөспірімдерге коронавирус инфекциясына қарсы егу басталған болатын. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ата-аналарының  жазбаша келісімімен ғана вакциналау керек екенін айтты. Және ережелерді қатаң сақтауды облыс әкімдеріне тапсырды.