Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясына дін өкілдері де қолдау білдіруде. Осыған дейін әр жұма сайын діни ғимараттарда тазалыққа шақырып, 2933 уағыз айтылған екен. Бұл туралы облыс әкімдігінің апталық мәжілісінде мәлім болды. Айта кетейік, облыста акция аясындағы жұмыстар жүйелене түсті. Өңір бойынша тазалық және абаттандыру жоспары бекітіліп, әр сала өкілдері сенбілікке шығып жатыр. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы бағыттағы жұмыстар тағы да бір пысықталып, тиісті тапсырмалар берілді.